Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай өткізілген сынып сағаты
Тақырыбы:«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»
Мақсаты: Білімділігі:еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан оқиғасына қатысқан аға- апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
Тәрбиелік:туған жерді, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу. Дамытушылық: жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілетін дамыту.
Көрнекілік:интербелсенді тақта,шарлар, түрлі жайма қағаздар.
Кіріспе-Қазақстан Республикасының гимні орындалады.
Мұғалім: -Армысыздар, құрметті оқушылар және қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты сынып сағатына қош келдіңіздер! Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерден аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидирындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президент Нұрсұтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азамат- тары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
1986 жылы 16 желтоқсанда таңіртең Алматыда жаппай толқу басталды.Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,- деген ұрандар айтылды. Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,- деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар тұрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.Бір минуттық үнсіздік жариялаймыз.
«Желтоқсан құрбандары» атты слайд.
1.оқушы: Жас арудың жанарында- Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында- Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында- Желтоқсан.
2.оқушы: Атыңнан айналайын қазақ деген,
Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.
Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,
Көрсең де талай қорлық азаппенен.
3.оқушы: Бір ата, бір ананың түлегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
«Бірлік барда- тірлік бар» деген бабам,
Бірлік деп бірге соққан жүрегіміз.
Оқушылардың орындауында«Желтоқсан желі ызғарлы» әні.
Мұғалім: Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.Ал 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. Енді ең басты бақытымыз Тәуелсіздіктің 30-жылдық шежіресіне ой жіберейік.
-1991жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды. -1991жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. -1991жылы 1 желтоқсанда тұнғыш Президентіміз сайланды. -1992жылы 2 наурызында Қазақстан Республика Біріккен ұлттар ұйымына мүше болып кірді. -1992 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қосылды. -1992жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары кеңесі мемлекеттік рәміздерімізді қабылдады. -1992жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан күндері Алматыда Дүниежүзі қазақтары- ның І құрылтайы өтті.-1993жылы 28 қаңтарда тәуелсіз мемлекетіміздің негізгі заңы Конституция қабылданды. -1993жылдың 12 қарашасы жас мемлекетіміздің тарихында ерекше күн болып қалды. Осы күннен бастап ұлттық валютамыз – теңге айналымға енді. Қазақстанды бүкіл әлем таныды. -1993жылы 5 қарашада «Болашақ» халықаралық стипендиясы құрылды. -1994 жылы 7 наурызда Жоғарғы кеңнестің жаңа құрамы сайланды. -1994жылы 1 маусымда қазақтың екінші ғарышкері Талғат Мусабаев алғаш- қы сапарына аттанды. -1994жылдың 16 ақпанында Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойылды. -1995 жылы 29 сәуірде Н. Назарбаевтың өкілеттілігін 2000 жылдың 1 желтоқ- санына дейін ұзарту бойынша референдум ұйымдастырды. -1995 жылы 9-12 желтоқсанда Ислам ынтымақтастық ұйымының құрамына енді. -1996 жылы күзде Қазақстанда ұлттық әуе тасмалдаушы пайда болды. -1997 жылы Тіл туралы Заң қабылданды. -1997 жылы Қ.Р. Президенті Н. Назарбаев «Қазақстан-2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Жолдауын жариялады. -1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола ресми түрде Қазақстанның елордасы атанды. Бір жылдан кейін Ақмоланың атауы Астанаға өзгертілді. -1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы реформасы басталды. -1999 жылдың 10 қаңтарында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. -1999 жылы Қазақстанда алғашқы халық санағы өтті. -2000 жылдың 30 маусымында Қазақстан ең ірі жоба-Қашаған мұнай-газ кен орнын іске қосты. -2000 жылдың 10 қазанында Астанада халықаралық экономикалық ұйым ретінде Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құрылды. -2001 жылы Қазақстанның тікелей араласуымен Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрылды. -2002 жылы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес- тің бірінші саммиті ұйымдастырылды. -2003 жылы Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының І сье- зі өтті. -2010 жылы Қазақстан мұсылман елдерінің ішінде бірінші болып ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету абыройына ие болды. Астанада Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті. Оған 28 мемлекеттің басшысы қатысты. -2011жылы Астана мен Алматы қалаларында VII қысқы Азия ойындары ұйымдастырылды. Қазақстан спортшылары 70 медаль жеңіпалды. -2012 жылы «Қазақстан - 2050» стратегиясы жарияланды. -2015 жылы Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының толыққанды мүшесі болды. -2017 жылы Астанада ЭКСПО халықаралық мамандырылған көрмесі өтті. -2017 жылы Алматыда қысқы Универсиада ұйымдастырылды. 30 жылдың ішінде Қазақстанда экономика, мәдениет пен руханиятты дамытуға арналған біраз мемлекеттік бағдарламалар қолға алынды.Негізгі бағдарламалар: Индустриялық- иновациялық даму бағдарламасы; бизнестің жол картасы; «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы; «Мәдени мұра» бағдарламасы; «Рухани жаңғыру» бағдарламасы; Цифрлық Қазақстан; «Нұрлы жол», «Еңбек» бағдарламалары.Бұдан бөлек, білім, денсаулық, ұлт- тық қауіпсіздік, экспорт, тіл саясаты, туризм, агроөнеркәсіп кешені, аймақ- тарды дамыту, жемқорлықпен күрес, дағдарысқа қарсы шаралар және тағы басқа маңызды бастамалар қолға алынды.Тәуелсіздік жылдары біздің көк туымыз әлемдік деңгейдегі спорт додаларында желбіреп, биік шындарда да бірнеше рет орнатылды. Саяхатшылармен бірге түрлі қалалар мен елдерді шарлаған туымыз тіпті, ғарышқа да жеткізілді... Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Отыз жылда ел жаңа, еліміз көркейіп, жеріміз жандануда, бар әлемнің назары біздің елі- мізде. Өзінің белгіленген шеқарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.
1.Оқушы: Тәуелсіздік – халқымыздың мақтандысы,
Тәуелсіздік – еліміздің жаттандысы.
Тәуелсіздік –ұлтымыздың азаттығы,
Тәуелсіздік – жеріміздің ғажаптығы.
2.оқушы: Қиындықпен келген бізге тәуелсіздік,
Қорғайықшы еркіндікті біз мәңгілік.
Тәулсіз өмір сүре білейік,
Бостандықты мәңгі сақтап жүрейік.
3.оқушы: Құтты болсын тәуелсіздік мерекеміз!
Мықты болсын еліміздің керегесі.
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаған.
4.оқушы: Атады әлі тағы да бір таң күліп,
Жүректерде арман отын жандырып.
Қазақстан біздің туған ұлы Отан,
Жайнай бер сен, жайнай бер сен мәңгілік!
Мұғалім қорытындылайды: – Сонымен балалар, бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағы- мызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі – осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы.Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, келер ұрпақ- тар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз. Елімізді ішкі – сыртқы дұшпандар- дан қорғауға міндеттіміз.Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ.
«Көк тудың желбірегені» әні орындалады.