"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Сілеті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Селетинское отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сілеті орта мектебі» КММ-нің «Достық» лагеріндегі І- ауысым бойынша жүргізілген жұмыс есебі

29.06.2021

Жазғы мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің жүргізілген жұмыс есебі
Ұлттық болмыс пен халықтық ұғымдарды шәкірт бойына дарытуда отбасы мен ұстаздар қауымының тәлім - тәрбиелік шараларына қойылар талап жоғарылады. Мектеп – білім берумен қатар, тағылымды тәлім - тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы. Тәрбие мазмұны ұйымдас-тырушының шеберлігімен ұштасқанда қандай шара болсын, шәкірттің ішкі жан - дүниесін жаңартып, рухани азық болып, соныда жарқын құбылыстарға жетекші бола бермекші.
  Ұзақ уақыт бойы оқушылардың ой - санасының өсіп – жетілуі тек білім көрсеткішімен бағаланып келді. Нәтижесінде тамырын тереңге жаймаған, құнарсыз жерде өскен өсімдік болмысын бойына дарыта алмаған, ал өзінікін бағалап білмеген жас ұрпақ өсіп жетілді. Мұның салқыны бүкіл ұлт болмысынан көрініс тапты. «Бала тәлімі - құрсақтан» деген халық даналығын ескермеген кейбір әке - шеше тәлімдік мағынасы бар даналық сөздер мен өнегелі істерді отбасына дарыта алмады.

Сілеті орта мектебінің жазғы мектепжанындағы «Достық» лагері

 « Сілеті» жалпы орта мектептің 2021 -  оқу жылындағы жазғы мектеп жанындағы «Достық» лагерінің жалпылама есебі. Мектеп жанынан ашылған жазғы сауықтыру лагері берілген жоспар бойынша I ауысым бойынша жұмыс жүргізді.
I - ауысым 21. 06 - 25. 06.,

II – ауысым 28. 06 - 02. 07.
Мақсаты:
«Достық» лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуын мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт – дәстүрін дамыту, Отан сүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру.

Міндеттері:
- Лагерьге балалардың уақытымен, толық келулерін қадағалау;
- Әр күнді бағдарлама бойынша ұйымдасқан түрде өткізу;
- Балалардың ойын алаңындағы ертеңгілік дене жаттығуларын, қимыл - қозғалыс ойындарын бақылауға алу;
- Саяхат және жорық кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуын еске алу, бақылау;
- Лагерь жағдайында бірыңғай тәртіпте салтанатты жиындар өткізу;
- Сурет, қолөнер тақырыптарында шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында көрме, конкурс ұйымдастыру;
- Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.
 

 

Күні

Өткізілетін іс-шаралар

Жұмыс түрлері

Жауаптылар

21.06.2021

«Қош келдің балақай!»

Танысу, сурет салу сайысы

Салтанатты жиын.

Тәрбиеші:Даулетбек Г.

Лагерь басшысы: Ихрар И.

22.06.2021

«Досыма хат» Көркем жазу

Сурет салу

 

Тәрбиеші:Даулетбек Г.

Лагерь басшысы: Ихрар И.

23.06.2021

«Денсаулық күні»

Жүгіру, секіру

 

Тәрбиеші:Даулетбек Г.

Лагерь басшысы: Ихрар И.

24.06.2021

«Көңілді бауырсақтар»

Ертегі сахналау

 

Тәрбиеші:Даулетбек Г.

Лагерь басшысы: Ихрар И.

25.06.2021

«Армандар орындалады»

Шығарма жазу

Кім болам?

 

Тәрбиеші:Даулетбек Г.

Лагерь басшысы: Ихрар И.


Марапаттау.
Алғашқы маусымның жабылуы.

 

 

 

Просмотров: 430


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст