"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Сілеті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Селетинское отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ағылшын апталығы. 5-10 сыныптарында өткізілетін ағылшын тілі пәні бойынша сайыс-ойын сабақтары.

31.01.2018

5 А сыныбына арналған ағылшын тілі пәні бойынша сайыс ойын.

Мақсаты: Оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын молайту, тез ойлануға үйрету және де қатесіз сөйлеуге дағдыландыру.

I тур.  Әр түрлі қызықты сұрақтар.

1. Ағылшын тілі әліпбиінің 13-нші әрпі атаңыз?  ( М)

2. Америкада қанша штаттар бар? (50)

3. Ақша сөзінің ағылшын тіліндегі аудармасын атаңыз? ( money)

4. «Менің ағамның үйі» қалай аударылады? (my  brother’s house)

5. Мектеп басшысы қалай аударылады? (Director)

6. Ағылшын әліпбиінде қанша әріп бар? (26)

7. How much  money do you have? (сенде қанша ақша бар? )

8. Аударыңыз? My  classroom is very comfortable. (менің сыныбым өте жайлы)

9. Британия туы қанша түстен тұрады? (3)

10. Мақалды аударыңыз?  East or west, home is best. (Өз үйім өлең төсегім)

11. Аударыңыз?  What nice weather like today? (Бүгін ауа-райы қалай?)

12. Dress сөзінің аудармасын атаңыз? (көйлек)

13. Американың туында қанша жұлдызшалар бар? (50)

14. Осы шақтың жасалу жолдарын атаңыз?  (Subject+verb-ing)

15. Белгілілік артиклін атаңыз? ( The)

16. Cөйлемді аударыңыз?  Don’t drink coffee before sleep because you can’t sleep well! ( ұйықтар алдында кофе ішуге болмайды себебі жақсы ұйықтай алмайсың.)

17. Ағылшын тілінде 6 түс атауын айтыңыз?

18. Сөздерді аударыңыз? Денсаулық, ата-ана, уақыт, музей( health, parent’s, time, museum)

19. Say the 4 seasons? (winter, spring, summer, autumn)

20. Ай атауларының ағылшынша аудармасын атаңыз?(January, February, march, April, May, June, July, August, September, October, November, December)

 

II тур. Жаңылтпаштар

Glad dad, green bean, kitten mitten, lucky ducky, soggy doggy, chunky monkey, walkie talkie, funny bunny, hairy berry, crazy daisy, bony pony.


A black cat sat on a mat, and ate a fat rat.


Redlolly, yellow lolly.


Swan swam over the sea,
Swim swan, swim, 
Swan swam back again
Well swum, swan.


Peter Piper picked a peck of pick led peppers.


Fat Pat had a fat cat.


Which is this switch?

Which switch is which?


She sells sea-shells on the sea-shore.

The batter with the butter is the batter that is better.!

Cob is Dob's dog, 

Tob is Mob's dog. 

Sid sees, Sid sees, Sid sees Six trees,

Here is a rose, The rose is red. 

Pat's black cat is in Pat's blaсk hat.


III  тур.

Тақпақтар айтып жарысады

 

 

 

 

6 А сыныбына арналған ағылшын тілі пәні бойынша сайыс ойын.

Мақсаты: Оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын молайту, тез ойлануға үйрету және де қатесіз сөйлеуге дағдыландыру.

I тур.  Әр түрлі қызықты сұрақтар.

1. What is the name of the president of  Britain? (Elizabeth 2)

2. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар? Оларды атап шығыңыз!

3. Very popular sport in Britain? (rugby)

4. When do people of Great Britain celebrate Christmas? (25 December)

5.  Валюта қашан шықты (1993ж. 15 қараша)

6. Where is big-ben situated? (in London)

7. Мақалды аударыңыз?  East or west, home is best. (Өз үйім өлең төсегім)

8. Cөйлемді аударыңыз?  Don’t drink

coffee before sleep because you can’t sleep well!

 (ұйықтар алдында кофе ішуге болмайды себебі

9. Ағылшын тілі әліпбиінің 13-нші әрпін атаңыз?  ( М)

10.  Американың туында қанша жұлдызшалар бар? (50)

11.  Ағылшын тілінде 6 түс атауын айтыңыз?

12.  Ай атауларының ағылшынша аудармасын атаңыз?(January, February, march, April, May, June, July, August, September, October, November, December)

13.  How much  money do you have? (сенде қанша ақша бар?)

 

ІІ тур  Бұл ойынның бір ерекшелігі барлық қатысушыларды қамтиды, берілген сөздердің аудармасын айтасыздар. Дайынбыз ба? Дайын болсақ, ойын басталды.

1.     Good luck-Сәттілік!

2.     May your dreams come true- армандарың орындалсын

3.     Discovery-(жаңалық )

4.     Tiger-( жолбарыс)

5.     Lady bird-ханқызы

6.     No problem-мәселе жоқ

7.     Be careful- (абай бол)

8.     Double decker (екі қабатты )

9.     I see-түсіндім

10.   Cheuing gum- сағыз шайнау

11.  kitchen (ас бөлмесі )

12.  Just a moment-қазір

13.  watch ( сағат)

14.  Silk Road –( Жібек жолы )

15.  Wait a minute-бір минут

16.  Establish-(орнату)

17.  Royal family (карольдік отбасы)

18.  Hold on-күте тұрыңыз

19.  butter (май)

20.  gloves ( қолғап)

21.  probably-ықтимал

22.  vegetables (көкөністер)

23.  carrot (сәбіз)

24.  shirt ( жейде)

25.  See you later (көріскенше)

26.  brown (қоңыр)

27.  potato (картоп)

28.  population (адам саны )

29.  pronoun  (есімдік)

30.  It’s ok- оқасы жоқ

 

III тур  Бұл бөлімнің шарты: мен жұмбақ жасырамын. Ал сіздер сол жұмбақтың шешуін орыс және ағылшын тілдеріне аударып айтатын боласыздар. Және де берілген жаңылпаштарды айтасыздар.

Бүгін киген ақ тоным

Ертең болар қара тон.

Қара тоным аздан соң

Болып кетер ала тон. (жер, земля, earth)

Үй үстінде ұсақ тас,

Ұстайын десем ұстатпас

(жұлдыз, star, звезда)

Қабат -қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.

(кітап, книга, book)

 

Құрғақ жерде сақтайсың

Менсіз тамақ татпайсың (тұз, соль, salt)

Қардай аппақ,

балдай тәтті.

(қант, сахар, sugar)

Ұрсаң оны зулайды,

Қарғып жерде тұрмайды

(доп, мяч, ball)

Әрі қызыл, әрі тәтті

Татқан жанды таңырқатты

(алма, яблоко, apple).

 

7-10 сыныптарына арналған ағылшын тілі пәні бойынша сайыс ойын.

 

  Мақсаты: Оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын молайту, тез ойлануға үйрету, қатесіз сөйлеуге дағдыландыру және де ағылшын тіліндегі

әндерді көбірек жаттауға жол ашу.

 Ойын барысы:

I тур. Барлық қатысушылар “About myself”, “My hobby” тақырыптарын тілге тиек ете отырып  өздерін ағылшын тілінде тансытырады.

ІІ тур Ойын түрінде болады.

 1. «Дұрыс жаз» (“Write right”) ойыны

Мақсаты: жылдам ойлау қабілетін дамыту

Шарты: Тақтаға екі сөз жазылады. Кімде кім сол

сөздің әр әріпіне сөзді көп тауып жазса, сол топ жеңіске жетеді.

Мысалы: Swim – son, well, ill, mother


2. «Ширату» (“Brainstorm”) ойыны

Мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын тексеру

Шарты: Тақтаға ұзақ сөз беріп, оның ішінен сөз шығару керек. Ескерту: сөз құрамында қанша әріп бар сонша әріпті қолдануы тиіс.

Мысалы: beautiful: eat, tea, but, fil, lie and so on.


III тур. Бұл бөлімде сайысқа қатысушылар ағылшын тіліндегі әндер айтып жарысады.

Просмотров: 844


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст