«Баланың отбасындағы тәрбиесі»
Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Баланың өмірге бейімделуіне мектеп, ұстаз және ата-ананың орыны ерекше. Тәлім тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады.Адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиеттерімен ардақталады. Адамгершілік негізі имандылық пен ізгілікте. Ол әрбір отбасынан басталады. Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» деген. Жас шыбық иілгіш болса, жас адамда сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға мәлім. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті баланың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы мен жаман әдеттеріміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Бүгінгі бәсекеге қабілеттілікті талап ететін қоғамда жас ұрпақты сол қоғам мүддесіне сай, оның мұң мұқтажын өтерлік, елін, жерін, халқын көзінің қарашығындай қорғайтын ұлтжанды, отаншыл, азамат етіп тәрбиелеу көзделеді. Күн сәулесі өсімдік тіршілігіне қандай қажет болас, тәрбие тұлғаның дұрыс өсіп жетілуіне соншалықты қажет. Ең алдымен әке-шешенің баламен қарым-қатынасын бағалауына қарау керек. Баланың мінезінің ерекшеліктері мен тұлғалық қасиетіне жағымсыз баға беруден міндетті түрде бас тарту керек. Өкінішке орай көптеген әке шешелерде « Ой, миғұла қолыңнан түк келмейді. Басқа балаларға қарашы қандай а!, сияқты сөздер әдетке айналып кеткен. «Отан отбасынан басталады» демекші, ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақты тәрбиелеп, оны қоғам мүддеміне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата-аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге ат салыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз. Қортындылай келе, тәрбиедегі ең басты ережелер балаға керек кезде назар аудара білу, оған деген махаббатты қай жаста да көрсете білу, оның көзқарастарын, ерекшеліктерін түсіне білу болып табылады.
Сілеті орта мектебінінің педагог-психологы: Хонай Кулшаран