"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Сілеті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Селетинское отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп лагері "Жаз-2017"

17.06.2017

Сілеті орта мектебінде оқушылардың жазғы демалысына

ұйымдастырылған мектеп ішілік

«Достық лагері»

Жаз -2017 жыл

 

                            

      

 

 

            Лагер басшысы:  Байкенова.А.О

           

           1-ауысым тәрбиешілері:     Тұнғат.В

                                                         Хонысбай.Н

 

             Ұйымдастырылған үйірмелер:

            «Ән көңілдің ажары»:  Бекназаров.Н.И

            «Ойын алаңы» :  Тунгат.Е

            «Шебер қолдар»: Хонай.К

            «Жас суретшілер» :Тұнғат.В

Лагердің күн тәртібі:

 

     

9. 00-9. 30 балаларды қабылдау

9. 30-9. 50 таңертеңгілік бой жазу жаттығулары

9.50-10.30 қозғалыс ойындары

10.30-11. 00 таңғы ас

11.00-12.30 жоспар бойынша іс-шаралар

12.30-13.00 таза ауада ойындар

 

 

 

 

   

   Сілеті орта мектебіндегі «Достық» жазғы демалыс лагерінде

1-ауысымда  өткізілетін іс-шаралар  жоспары.  

 

        

 

Күні

 

Өткізілетін  іс-шаралар.

 

Уақыты.

 

Жұмыс түрлері.

 

Жауапты

01.06.17.

«Халықаралық балалар күні».

1.Топ жұмысын ашу.

2. Көркем сурет байқауы.

3. Тәтті үстел.

4. Би.

 

 

10.00

13.00

Салтанатты жиын.

Құттықтау. «Ән шашу».

Түрлі түсті бормен сурет салу.

 

    Хонысбай.Н

 

      Тұнғат.В

02.06.17.

«Қош  келдіңдер, балдырғандар!»

1. Қабылдау.

2. Бой  жазу жаттығулары.

3. Достық  деген  не?

4. Қимылды  ойындар

 

 

10.00

13.00

 

 

Жүгіру, секіру.

Мазмұндама  жазу.

Эстафета.

 

 

   

Хонысбай.Н

05.06.17.

«Кел  балалар  оқылық!».

1. Қабылдау.

2. Бой жазу жаттығулары.

3. Әдеби  кітаптар  оқу.

4. «Таныстыру» тренинг .

5. Қимылды  ойындар.

 

 

10.00

13.00

 

 

Гимнастика

Кітапханадан кітап алып, оқу.

Дамыту  сабақ

Асық ату.

 

 

  Хонысбай.Н

06.06.17.

«Қазына іздеу».

1. Қабылдау.

2. Бой жазу жаттығулары.

3. «Кім бай болар екен?».

4. Шар үрлеу.

5. Қимылды ойындар.

 

 

10.00

13.00

 

 

Жүгіру , секіру.

Қазына іздеу.

Шардың ішіндегі тапсырмалар.

Эстафета.

 

 

 

   Хонысбай.Н

07.06.17.

«Ертегілер еліне саяхат».

1.Қабылдау.

2.Бой жазу жаттығулар.

3.Ерте, ерте, ертеде...

4.Ән шырқау.

5.Қимылды ойындар.

 

 

10.00

13.00

 

 

Гимнастика.

«Қазақ халық ертегілері».

Өзі  ұнатқан  әнді шырқау.

Доппен ойнау.

 

 

     

Хонысбай.Н

 

08.06.17.

«Су шашатын» күн.

1. Қабылдау.

2. Бой жазу жаттығулары.

3. Көлге бару.

4. «Ағаш» тренинг

5. Қимылды ойындар.

 

 

 

10.00

13.00

 

 

Қимылды жаттығулар.

Сумен ойнау. «Оттан, судан сақтану»

ережелері.

Дамыту  сабақ

Секіртпе, арқанмен ойындар.

 

 

     

Хонысбай.Н

09.06.17.

«Сұрақтар мен жауаптар» күні.

1.Қабылдау.

2.Бой жазу жаттығулары.

3. «Менің  отбасым»

4. Логикалық  ойындар.

5. Қимылды  ойындар

 

 

10.00

13.00

 

 

Гимнастика.

Сурет  салу

Есептер шығару.

Секіртпемен тебу.

 

 

       

Хонысбай.Н

12.06.17.

«Топсеруен».

1.Қабылдау.

2.Бой жазу жаттығулары.

3. Табиғат  аясында.

4. Жұмбақтар.

5. Қимылды ойындар.

 

 

10.00

13.00

 

Жүгіру.

Топсеруен.

Ең тапқыр оқушыны анықтау.

Футбол.

 

 

    Тұнғат.В

 

 

13.06.17.

«Сен әртіс бола аласың ба?»

1.Қабылдау.

2.Бой жазу жаттығулары.

3. Өлеңдер сайысы.

4. Пародия.

5. Қимылды ойындар.

 

 

 

10.00

13.00

 

 

Жеңіл атлетика.

Екі тілде өлең айту.

Ұнатқан әртісін келтіру

«Қызыл жалау»

 

 

       

     Тұнғат.В

14.06.17.

 «Ертегілер еліне

саяхат».

1.Қабылдау.

2.Бой жазу жаттығулар.

3.Ерте, ерте, ертеде...

4.Ән шырқау.

5.Қимылды ойындар.

 

 

       

10.00

13.00

 

Гимнастика.

«Қазақ халық ертегілері».

Өзі  ұнатқан  әнді шырқау.

Доппен ойнау.

 

 

    Тұнғат.В

15.06.17

  «Кел 

балалар  оқылық!».

1. Қабылдау.

2. Бой жазу

жаттығулары.

3. Әдеби 

кітаптар  оқу.

4. Кім  жылдам?

5. Қимылды  ойындар.

 

 

10.00

13.00

 

Гимнастика

Кітапханадан кітап алып, оқу.

Жылдамдыққа  оқыту.

Асық ату.

 

 

    Тұнғат.В   

16.06.17.

«Қызықты демалыс».

1.Қабылдау.

2.Бой жазу жаттығулары.

3.Жас ақын.

4. «Карусель» тренинг

5. «Ән шашу»

 

 

10.00

13.00

 

 

Жеңіл атлетика.

Лагерь туралы өлең шығару.

Дамыту  сабақ

Ән шырқау.

 

 

 

 

    Тұнғат.В

 

                     

 

«Достық» лагерінің мақсаты: 

 

1.Оқушылардың бос уақытын қызықты әсерлі ұйымдастыру.

2. Өнегелі дарынды, қабілетті тұлғаны тәрбиелеу

3. Тапқырлықтарын, белсенділіктерін дамыту


                     

              

  Сен әнші бола аласың ба?

 

                

                                                              

    Эстафеталық      

ойындар

 

       Ерейментау ауданы Сілеті орта мектебінде оқушылардың жазғы демалысын көңілді өткізуге арнайы құрылған «Достық» лагерінің 1-ауысымында өткізілген іс-шараларының қортынды есебі.

           Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз, - деп оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы лагерьлерге баруға асығады. Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз. Біздің ауданда да Сілеті орта мектебінің жанынан маусым айында ашылған

«Достық» жазғы демалыс лагері үш ауысым бойынша жұмыс жасайды. Бүгінде жазғы демалыс орнында 25 балдырған уақыттарын көңілді өткізуде. Олардың ішінде көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балалары бар. Қазіргі бірінші ауысымда демалыс лагерінде барлығы 25 бала алаңсыз демалыстарын өткізуде. Лагерьге келген демалушыларды күнделікті мектеп медбикесі денсаулықтарын тексеріп, олармен сауықтыру іс-шараларын жүргізеді. Жазғы лагерьде балалардың сапалы тамақтануы да назардан тыс қалмаған. Арнайы

бекітілген ас мәзірі бойынша балаларға 1 мезгіл тамақ беріледі. «Бала күлкіге тоймас» дегендей балалар көңілді демалып, жанын әнге, сылдыр күлкіге тойдырып әртүрлі іс-шаралар мен спорттық ойындар өткізіп жүрген 2 тәрбиеші, 1 жаттықтырушы, 1 сурет үйірмесінің жетекшісі бар. Лагерь демалушыларына әр түрлі ойындар ойнатылып, дойбы, шахмат жарыстары, тақырып бойынша тапқырлық, сөз жұмбақ сайыстары ұйымдастырылып тұрады. Бір мезгіл балдырғандар сурет салып, тақпақ жаттап, ән салады. Күнде жоспар бойынша таңертеңгілік жаттығулар, ертеңгіліктер, сайыстар өтеді. Тәрбиешілер әр күнге белгіленген түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, балғындардың демалысы қызыққа, қуанышқа толы болуына

бар күш-жігерлерін, өнерлерін аямай жұмсауда. «Көңілді старт», «Мен суретшімін», «Күштілер, батылдар», сайыстарына оқушылар қызығушылықпен қатысады. әдеп туралы әңгіме, әсемдік жайлы мақал-мәтелдер жарыстары көңілді өтуде. Бала тәрбиесі мен оқуына мол үлес қосып жүрген тәрбиешілер Тұнғат.В Хонысбай.Н ұйымдастыруымен өткен «Нұрсұлтан – ел тірегі, ел тілегі» атты Елбасы туралы мың сұрақ атты шара барысында оқушылар ән айтып, би билеп, мерекені қыздыра түсті. Балалардың көңілді демалып жатқандығы жүздерінен көрініп тұрды. Лагерьдің 1-маусым жетекшісі Байкенова.А.О айтуынша келгендеріне аз болса да, әр отбасынан жиналған балалар бір үйдің баласындай болып кеткен. Демалыс орнында балалардың демалуына барлық жағдайлар жасалынған. Олардың емін-еркін ойнауына арналған арнайы алаңдар, бөлмелер жабдықталған, демалушылар ойын-сауық құралдарымен толық қамтамасыз етілген, музыкалық, спорттық, шығармашылық және интеллектуалдық сайыстарға да белсене қатысады. Қайсысымен әңгімелессең де, жаз мезгілін жыл сайын асыға күтетінін, мектеп жанындағы лагерьге келу арқылы көп дос табатынын, түрлі іс-шараларға қатысып, көңіл көтеретінін айтып мәз-мейрам болысады. Осылайша лагерьдің әр күні мәнді де сәнді өтті. Бұл тұста балалардың демалыс күндерін қызықты өткізуге үлес қосқан тәрбиешілердің еңбектерін ерекше атап өтіп, жоғары бағалауға болады. Олар лагерьдің қызықты, көңілді өтуіне

аянбай, шаршамай өз үлестерін қосқаны байқалып тұр. Осылайша біз – бақытты баламыз тақырыбында өткен «Достық» лагері оқушылар көңілінен шығуда.  

 

 

                                                     

Лагерь  басшысы:       Байкенова.А.О                                               

Тәрбиеші ұстаздар:      Тұнғат.В                                                                                  

Хонысбай.Н

             

                                                  

Ұйымдастырушы ұстаздар: «Ән көңілдің ажары»:  Бекназаров.Н.И

                                                     «Ойын алаңы» : Тунгат.Е

                                                     «Шебер қолдар»: Хонай.К

                                                     «Жас суретшілер»: Тұнғат.В

             

            

Просмотров: 1466


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст