"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Сілеті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Селетинское отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін-өзі тану пәнінен декада

15.02.2017

                                                                                             «Ерейментау аудан білім бөлімі»

ММ­ның басшысы                     М.Е Абжиков-қа

 

 

Сілеті  орта мектебі бойынша өзін-өзі тану пәнінен он күндік декада

 «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» туралы есеп

 

2017 жылғы 2 және 13 ақпан аралығында жоба авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туылған күніне орай Сілеті орта мектебінде «Өзін–өзі тану» пәнінен «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өтті.

Онкүндіктің мақсаты:  қоршаған әлемге махаббат және қуаныш сыйлап, сезімталдық,

мейірімділік, рақымдылық көрсетіп, балаларды мейірімді болуға үйрету, өзара түсінушілік пен ынтымақтастық арқылы шығармашылық қабілеттері мен жағымды эмоцияны дамыту, азаматтық мәдениетке баулу және адамшылық қарым-қатынасты қалыптастыру. 02-ақпан

күні «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбында декаданың салтанатты

ашылу жиыны өткізілді.

2-12 ақпан аралығында мектебіміздің кітапханашысы Джумукова М.Б.–мектеп кітапханасында С.А.Назарбаеваның қайырымдылық қызметі туралы «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде «Өзін-өзі тану» жоба авторының жұмыстары

ұсынылды. Балалар Сара Алпысқызы туралы кітаптарды оқып, еңбектерімен танысты.

3-ақпан күні «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваға арналған оқушылардың шығармашылық әдеби кеші ұйымдастырылады. Оқырмандар байқауына қатысқан белсенді оқушылар марапатталады. 

4-ақпан күні 7-11сынып оқушылары арасында « Іс ­әрекеттер жан қалауы», «Бәрі махаббаттан басталады» тақырыптарына эссе байқауы өткізілді. 7-сынып оқушысы Ескедирова Данияның шығармасы үздік деп танылып мақтау қағасымен марапатталды.

6-ақпан күні Сынып жетекшілері «Мейірімділік асыл қасиет», «Өнеге отбасынан басталады», «Кәусар бұлақ  тұнығынан», «Қызығы толы бұл әлем»

тақырыбында  сынып сағаттарын өткізді.

7-күні «Ана мейірімі», «Достық», «Бейбітшілік»  тақырыбында сурет, қолөнер байқауы

ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты оқушы бойындағы Анаға деген мейірім, Отанға

деген сүйіспеншілік, досқа адал болуға баулу. Оқушылар көрмеге қызыға қатысып, шығармашылық қабілеттерін жан-жақты көрсете білді. Ахметбек Аружан, Малчыбай Айсұлу

, Талипов Диас және т.б. сурет, қолөнер байқауына қатысып Анаға деген мейірімге толы сезімдерін, Досқа деген көңілдерін, Отанға, табиғатқа деген өз сүіспеншіліктерін білдіре алды. Оқушылар өз марапаттауларын алды. 8- ақпан күні  2-8 сынып оқушылары арасында «Ән

көңілдің ажары» тақырыбында ән-би фестивалі өткізілді. Ән-би фестиваліне қатысушылар балалар әндері: «Бақытты балалық шақ», «Әнші балапан», «Анама», «Әрқашан күн сөнбесін!», «Анаға сәлем» әндерін және ұлттық билерді орындалады. Фестивальге ата-аналар, ардагер ұстаздар қатыстырылып, жеңімпаздар марапатталады. 

9-ақпан күі  «Жүректен жүрекке» тілек бұрышы ілініп, оқушылар ұстаздарына деген ыстық ықыластарын жеткізді. 10-ақпан күні «Мейірімділік-асыл қасиет»  тақырыбында ата-аналармен оқушылардың  қатысуымен сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылады.

2017 жыл 4-ақпанда жергілікті Ереймен газетінде «Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі маңызды», атты мақалам жаряланды. Мұғалімі Кичайкина О.В «Духовно­нравственное

воспитание школьника» атты мақаланы Ереймен газетіне ұсынды.13-ақпан күні «Құлақтан кіріп бойды алар»  атты онкүндіктің  жабылу салтанаты мен марапаттау рәсімі өткізілді.

 

 

 

Мектеп директоры                                Иманбалинова Д.Т.

 

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

                    

 

 

            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылармен

 

                     

  

            

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                

                                                                   

 

 

 

 

 

 

              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сынып ағаттары

 

 

                                                                               

      

 

 

 

                                                                      

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Марапаттау

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             

 

 

                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Педагог­ психолог: Хонай К.

 

 

Просмотров: 657


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст