"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Сілеті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Селетинское отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

8 – 9 сынып оқушылары арасында сыныптан тыс интеллектуалды ойын жоспары

07.02.2017

8 – 9 сынып оқушылары

арасында сыныптан тыс

интеллектуалды ойын жоспары.

 Дайындаған Сілеті орта мектебінің

география пәні мұғалімі

Махшар Бекболат

Категориясы: География

Тақырыбы: Атамекен

Мақсаты: а) білімдік

Қазақстанның физикалық географиясы бойынша алған білімдерін еліміздің

экономикалық географиясынан алған білімдерімен ұштастыру, сабақтастыру,

білімдерін тереңдету, толықтыру, жүйелеу.

б) тәрбиелік

Табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалануға, ұтымды қолдана білуге, табиғатты сүюге,

оны аялауға тәрбиелеу.

с) дамытушылық

Бағдарламадан тыс білім алуға құштарлығын, танымдық қызуғышылығын арттыру,

шығармашылық ізденіске баулу.

Әдісі: топтық жұмыс 

Сабақтың типі: қайталау.

Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық, экономикалық карталары,

интерактивті тақта, бейнеролик, суреттер.

Ойынның өткізілу барысы.

1-ші кезең  «Қанат қақты» ойын шарты бойынша әр топтың топ басшыларына 5 сұрақтан қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

«Қыран» тобының топ басшысына қойылатын сұрақтар

1. Тянь-Шань тауының ең биік шыңы қалай аталады, шыңды ашқан ғалым.

( Жауабы: Хан тәңірі, П.П. Семенов –Тянь –Шаньский ) 

2. Қазақстан аумағындағы Орал тауының жалғасы ( Мұғалжар )

3. Қазақстан жеріндегі ежелгі платформа ( Шығыс Еуропа )

4. Қазақстанның ұлттық ядролық орталығы қай қалада орналасқан ( Курчатов қаласы )

5.  Қазақстан неше облысқа бөлінеді?(14)

«Сұңқар» тобының топ басшысына қойылатын сұрақтар.

1. Сарыарқаның ең биік нүктесі қалай аталады ( Ақсораң )

2. Балқаш көліне құятын өзендерді ата ( Іле, Қаратал )

3. Арал теңізі қандай қандай тақтада орналасқан?( Тұран ) 

4.Қазақстандағы жалғыз ғана ағынды көл ( Зайсан )

5. Еліміз батыстан  шығысқа қарай неше км- ге созылып жатыр?( 3000 км )

Ойынымыздың келесі 2-ші кезеңі  «Самғау»  кезеңінде әр топқа кезек-кезек сұрақтар қойылады, егер жауап бере алмаса қосымша көмек алуға болады.Бірақ қосымша көмек алған жағдайда жарты ұпай кемиді, бір сұрақ 20 балл, 

Қыран тобының сұрақтары:

1. Қазақстанның орта ғасырлық ірі қалаларының бірі Сырдарияның Арыс өзеніне құяр сағасына таяу орналасқан. Бұл қаланың аты 8 ғ.-дан бастап аталғанымен оның тарихы б.з. д. 2-ші ғасырдан басталған, Сырдарияның орта ағысында пайда болған Қаңлы мемлекетінің тарихымен тығыз байланысты, оның алып жатқан ауданы 200-га –ға жетіп, нағыз шығыс қаласына айналды. ( Отырар ).

Қосымша көмек 1219 жылы күзде моңғолдар қаланы қоршап, 6 айдандан кейін басып кіріп, халқын қырғынға ұшыратты. 

2. Бұл үстірт шығысындағы Сарыарқа, Батысындағы Мұғалжар және Оңтүстік Оралдың

аралығында жатыр. Солтүстігі Батыс Сібір жазығына, Оңтүстігі Шалқар теңіз ойысына жалғасады, абсалюттік орташа биіктігі 200-300 м 

Қосымша көмек.- Бұл үстірт арқылы Есіл және Тобыл өзенінің және Торғай қолатының шағын өзендері ағып өтеді. (Торғай )

3. 1984 жылы 12 шілдеде ұйымдастырылған қорық, Маңғыстау облысының Ералы аудынының оңтүстігінде Жаңа өзен қаласынан 150 км қашықтықта орналасқан аумағы 223 мың 342 гектар ( Үстірт )

Қосымша көмек.- Солтүстік және солтүстік –батысында Каспий маңы ойпатымен, батысында Маңғыстау жазығымен шектеседі. Теңіз деңгейінен биіктігі 200 м. ( интерактивті тақтадан Үстірт қорығы көрсетіледі )

Сұңқар тобының сұрақтары:

1. Атырау қаласынан 55 км жерде, Жайықтың оң жағасындағы бір кездегі атақты қала. Қаланың іргесі 11 ғасырда қаланған, гүлденген дәуірі 13-14 ғасыр аралығы. Қала  Еуропа мен Азияны жалғастыратын керуен жолында орналасқан.    (Сарайшық )

Қосымша көмек. Қаланың екінші атауы Саранджук. Қала Алтын Орда заңдары жерленген қасиетті орынға айналған. 

2. Қала өткен ғасырдың ортасынан дейін өзінің саудалық маңызын сақтады, қазір

ол тарихи және мәдени орталық. Мұнда мұсылман сәулет өнерінің інжу маржаны,

Қожа Ахмет Иассауи кесенесі орналасқан көне қала қалай аталады ( Түркістан )

Қосымша көмек 

Айтылып отырған қаламыз Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан ежелгі қала.

3. Өзі аттас өзеннің аңғарында, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында ұйымдастырылған мемлекеттік ұлттық табиғи парк. Ауданы 93150 гектар, Алматы қаласынан 193 км қашықтықта орналасқан ( Шарын шатқалы )

Қосымша көмек Іле тау аралық аңғарында орналасқан. ( интерактивті тақтадан Шарын шатқалы көрсетіледі )

Ойынымыздың келесі  3-ші кезеңі «Бекет» кезеңінде еліміздің екі теңізіне постерге толықтай сипаттама береді.

1.   «Қыран»  Каспий теңізі

2.   «Сұңқар» Арал теңізі

Ойынымыздың келесі 4-ші кезеңі  «Шарықтау»

Асық ойнаған азар,

Доп ойнаған тозар,

Бәрінен де мал бағып,

Білім қуған оза-демекші тақтада 14 сан ілінген асықтарда, әрбір топ 4 асықты  таңдап, соған сәйкес жазылған сұрақтарға жауап береді, әр сұрақтың дұрыс жауабына 10,20,30  ұпай беріледі.

1.Рудасыз пайдалы қазбаларға не жатады? /фосфорит, тұз/ 10

2.Тура мен шашыранды радиацияның

қосындысы қалай аталады? /жиынтық радиациясы/10

3.Жылдық жауын-шашын мөлшерінің

буланушылыққа қатынасы /ылғалдану коэфиценті/ 10

4.Балқаш көлін екіге бөліп жатқан

түбек қалай аталады?/Сарыесік/ 10

5. Соколов-Сарыбай, Лисаков қандай

пайдалы қазбаның кен орны?/темір/ 20

6.Жоңғар қақпасы арқылы Орталық

Азияға қарай соғып тұратын жел /Сайқан/ 20

7. Каспий теңізінің шығанақтары/ Маңғыстау,

Қазақ/ 20

8.Каспий теңізін тұйық алап

емес, Солтүстік  мұхиттың  шығанағы санаған ғалым / Страбон/ 30

9. Бұл  үстірт 

шығыстағы  Сарыарқа,  батыстағы Мұғалжар  және 

Оңтүстік  Оралдың  аралығында 

жатыр  /Торғай/ 30

10. Маңғыстау  тауының ең  биік жері /Бесшоқы/ 30

11. Еліміздің  ең теңіз деңгейінен  төмен  ойысы / Қарақия/ 30

12.Ол 1900-1903 жылдары Арал теңізін мұқият зерттеген ғалым / Л.С Берг/ 30

Осымен кезеңдер аяқталды, женген топты анықтау үшін сөз әділ қазылар алқасына беріледі, женген топ –«Жерұйыққа»  жеттіңіздер, ойынды жалғастырсаңыздар бір

сұрақ беріледі, жауап берсеңіздер ұпайларыңыз екі еселінеді.

Бұл тау Орталық  Қазақстанның көп жерін алып жатыр, ол  батысында Торғай  үстіртімен Тұран ойпатына дейін жетіп, шығысында Сауыр-Тарбағатай  тау  жүйелерімен, 

оңтүстігінде  Балқаш  көлі және  Бетпақдала мен, солтүстігінде   Батыс Сібір жазығымен

шектесетін ұлан-ғайыр аумақты құрайды. Батыстан шығысқа қарай  1200 км созылған. Бұл қай  тау туралы  айтылған?  (Сарыарқа)

 

 

II -  кезең  «География әлемі

1-топ «Зерделілер»

1. Солтүстік сөзінің қазақша баламасы. (теріскей)

2. Қорқыт ата ескерткіші қай жерде орналасқан (Қызылорда облысы)

3.ҚР  аумағы(2.7 млн км

4. Ең экологиялық жағынан лас көлік (автомобиль)

5. 1904-1905 жылы Қазақстанда салынған теміржол (Орынбор-Ташкет)

6. Қоршаған ортаны қорғау күні (5 маусым)

7. Қара металл алу үшін қажетті шикізат (темір)

8. Қазақстанның биік таулары(Тяньшань Алатау Алтай Сауыр- тарбағатай

9. Әлемдегі ең биік сарқыраманың аты (Анхель С. 1054м)

10. Қазақстан аумағына  әсер ететін ауа

массалары( арктикалық қоңыржай тропиктік

11Қазақстан көлемі жөніненЕуразияда алатын орны(4

12. Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы тұйық көл, үлкендігіне қарай теңіз деп аталады. (Каспий)

13. Ұлы Жібек жолының ұзындығы (6970 шақырым)

14. Қазақстанның алғашқы астанасы. (Орынбор)

15. Қазақстанда ең биік тау( Хантәңірі

                2-топ Зейінділер

1. Әулие ата қазіргі Тараз қаласының маңын зерттеген ғалым кім? (И.В. Мушкетов)

2.Солтүстік қазақ жазығының ең үлкен өзені( Ертіс)

3. Атырау қаласынан 55 шақырым Жайықтың оң жағындағы ежелгі қала. (Сарайшық)

4. Республика тауларындағы мұздықтар саны (2724)

5. Сарыарқаның ең биік тауы (қызыларай

6. Есік даласынан табылған ескерткіш (алтын адам

7. Астана қаласының ертедегі атауы (Қараөткел)

8. Қазақстан  Ғылым академиясының тұңғыш президенті (Сатпаев

9. Еуропадағы орналасқан 2 мемлекеттің атының айырмашылығы бір-ақ әріпте, ол

қандай мемлекеттер (Ирландия, Исландия)

10. Қазақстанда жауын – шашын ең көп түсетін жер (Батыс Алтай)

11. Қазақтың тұңғыш ғалым зерттеушісі (Уалиханов

12. Көктемгі күн теңелуі (21 наурыз

13. Қазақстанда “Ұлы жібек жолы” атты ұлттық комитет қай жылы құрылды. (1991ж.)

14. Дүниежүзілік мұхит бөліктерін атаңдар. (теңіз, шығанақ, бұғаз)

15. “Мезгіл мезгіл ыстық су шашып тұратын қайнар (гейзер

IV кезең. "Ғажайып ондық".Бұл шартта 10 ұяшықта пәнге байланысты сұрақтар

жазылған. Ұпайы жоғары оқушы бастайды. Дұрыс жауап 5 ұпай.

1-ұяшық.

Орталық Азия мемлекеттерін атаңыз?

Жауабы: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан.

2-ұяшық.

Бұл материктің шеткі нүктелері мынадай:

Солтүстік нүктесі – Мэрчисон

Оңтүсттік нүктесі – Марьято

Батыс нүктесі – Принц Уэльс

Шығыс нүктесі – Сент – Чарльз қай материк?

Жауабы: Солтүстік Америка

3-ұяшық.

Ең жас эра?

Жауабы: кайназой

4-ұяшық.

Құлау биіктігі 1054 метрден асатын сарқырама атауы?

Жауабы: Анхель

5-ұяшық.

Оңтүстік Американың ең  үлкен  аралы?

Жауабы: Отты жер аралы, көлемі 47000 км кв;

6-ұяшық.

Ауа қысымын өлшейтін құрал?

Жауабы: барометр

7-ұяшық.

Ыстық су мен бу атқылап тұратын бұлақ?

Жауабы: гейзер

8-ұяшық.

Үндістер мен негрлердің некелесуінен тараған ұрпақ атауы?

Жауабы: самбо

9-ұяшық.

Орталық Азия шөлі?

Жауабы: Гоби

10-ұяшық.

Индонезияның ең үлкен аралы?

Жауабы: Калимантан

 V кезең"Толысу"

Бұл кезеңде  әділ қазы алқалары екіге бөлініп сайысқа қатысушыларға топ жанкүйерлері ретінде сұрақ қойяды. Барлығы 2 сұрақ, дұрыс жауап 10 ұпай.

1 сұрақ.1991 жылы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасында қандай өзгерістер болды? (ТМД ға мүше болды)

2 сұрақ.1992 жылы 2 наурызда қазақ елінде қандай өзгерістер болды? (БҰҰ ға кірді)

 

1.    Мұхит суының басты қасиеттері (температурасы мен тұздылығы)

2. Географиялық қабықтағы ең ірі табиғат кешендері (материктер мен мұхиттар)

3. Жер өз білігінен айналғандағы құбылыс (Күн мен түн ауысады)

4. Осыдан шамамен 180 - 200 миллион жыл бұрынғы материк атауы? (Пангея)

5. Гондвананың құрамындағы материктерді атаңдар (Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия, Антарктида)

6. Гималай тауы шыңының атауы (Джомолунгма 8848 м)

7. Еуразия материгіндегі ең ұзын өзен (Янцзы 5800 км)

8. Ең терең көл атауы (Байкал 1620 м)

9. Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері — Өлім аңғары (- 86 м) деп аталады.

10. Қазақстандағы облыс саны қанша? (14)


Азия тобына сұрақтар:

1. Су тұздылығының көрсеткіші немен есептеледі?

(промилле ‰)

2. Жердің Күнді айналуынан қандай құбылыс байқалады? (жыл мезгілдері ауысады)

3. Лавразияның құрамына жататын материктерді атаңыз? (Еуразия мен Солтүстік Америка)

4. Кордильера тауының шыңы қалай аталады? (Мак -Кинли 6193 м)

5. Жер шарындағы ең үлкен көл (Каспий S — 390 мың км²;)

6. Месопотамия ойпаты қай өзендер аралығында жатыр? (Тигр және Евфрат)

7. Жер шарындағы кіші материк (Аустралия 7, 6 млн км²)

8. Дүние жүзінде ең суы мол өзен (Амазонка)

9. Қазақстандағы бөлінген экономикалық аудандар саны




І кезең сұрақтары Сұрақ - жауап

1. Ең үлкен дүние бөлігі - Азия

2. 3. Еуразиядағы жылдық жауын - шашын көп түсетін аудан - Черапунджи

4. Хуанхэ қытай тілінен аударғанда қандай мағына береді?- сары өзен

5. Еуропейдтердің үндістермен некелесуі нәтижесінде тараған ұрпақтар - метистер

6. Негройдтердің үндістермен некелесуі нәтижесінде тараған ұрпақтар - самбо

7. Еуропалықтар мен негройдтардың некелесуінәтижесінде тараған ұрпақтар - мулаттар

8. Қай мемлекеттің туында үйеңкі жапырағы бейнеленген.- Канада

9. Жер шарындағы ең ылғалды материк - Оңтүстік Америка

10. Оңтүстік Америкадағы ең үлкен сарқырама -Анхель


11. Оңтүстік Американың ең биік нүктесі - Аконкагуа

13. Ежелгі инктер қандай тауды мысты таулар деп атаған?- Анды

14. Анды тауындағы ірі көл - Титикака

15. Әлемдегі ең кішкентай құс - Колибри

17. Әлемдегі ең үлкен жылан - Анаконда

20. Оңтүстік Америкадағы ең үлкен мемлекет -

Бразилия

21. Африканың ең биік нүктесі - Килиманджаро

23. Африканың ең ірі көлі - Виктория

24. Танганика көлін, Виктория сарқырамасын ашқан ғалым - Давид Ливингстон

25. Африкадағы ең ұзын өзен - Ніл

29. Солтүстік Америкадағы Кордильера тауының Оңтүстік Америкадағы жалғасы қалай

қандай тау - Анд

30. Африкадағы ең үлкен түбек - Сомали


ІІ кезең Кім шапшаң?

Еуразия - Ресей, Қытай, Үндістан, Қазақстан, Тәжікстан, Түркеменстан, Жапония

Оңтүстік Америка - Бразилия, Аргентина, Перу, Уругвай, Эквадор, Венесуэла, Колумбия



Ойынымыздың келесі « Өрлеу » кезеңінде әр топтың жанкүйерлеріне сұрақтар қойылады, әр сұрақтың жауабына 5 ұпай беріледі, жанкүйірлер өздерінің ұпай санын қалаған екі топтың біріне қосады. 

Қыран тобының жанкүйірлеріне қойылатын сұрақтары

:

1. Рахманов термальді бұлағы Қазақстанның қай аймағында орналасқан 

( Шығыс Қазақстан )


2. Халық ең көп қоныстанған Қазақстанның ауданы (Оңтүстік Қазақстан ауданы )

11. Сұңқар тобының жанкүйерлеріне қойылатын сұрақтар 

1. Мұғалжар тауының ең биік жері қалай аталады (Үлкен Боқтыбай, 657 м )

2. Ебі желіне кері бағытта Жоңғар қақпасы арқылы Орталық Азияға қарай соғып тұратын жел. ( Сайқан )

Ойынымыздың келесі Шарықтау кезеңінде тақтада 14 сан ілінген, әрбір топ 4 санды таңдап, соған сәйкес жазылған сұрақтарға жауап береді, әр сұрақтың дұрыс жауабына 5 ұпай беріледі.


1. Қазақстан Республикасының аймағындағы жауын-шашын ең аз түсетін жер, ол Жамбыл облысының территориясында, Балқаш көлінің батысында орналасқан. ( Мың арал )

2. Өзен бойында елімізде егілетін күріштің 80% егіледі, бұл өзен Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облысының территориясын кесіп өтеді. Өзеннің атауы ( Сырдария )

3. Бұл қорық Ақмола облысының территориясына кіреді. Қорық ЮНЕСКО-дан өте маңызды қорғалатын аймақ деген атақ алды. 

( Қорғалжын қорығы )

4. Қазақстанның теңіз деңгейінен ең төменгі ойыс орналасқан жері қалай аталады ( Қарақия -132 м, Маңғыстау облысы )

5. Қостанай облысындағы темір кен орындарын атаңыздар 

( Соколов-Сарыбай, Лисаков, Қашар )

6. Каспийге келіп құятын, бекіре балыққа бай өзен қалай аталады, өзен қай облыс территориясы бойынша ағып өтеді ( Жайық өзені, Батыс Қазақстан обл. )

7. Марал, панты, омарта шаруашылығымен айналысатын облысты атаңыз ( Шығыс Қазақстан )

8. Никель хром өндірісіне маманданған облыс (Ақтөбе )

9. Алюминий, трактор шығаратын, мұнай өнімдерін өңдейтін зауыттар орналасқан облыс ( Павлодар )

10. Республиканың « Солтүстік қақпасы » атанған Солтүстік Қазақстан облысының орталығы ( Петропавл )

11. 17 ғасырда балықшылар елді мекен ретінде іргетасы қаланған Каспий теңізінің солтүстігінде орналасқан қала қалай аталады, қай облыстың орталығы ( Атырау )

12. Іле Алатауының баурайында орналасқан еліміздің аса ірі қаласы (Алматы )

13. Бау-бақша, жүзім өсіруге маманданған облыс (Оңтүстік Қазақстан облысы )

14. Кокстелетін көмір өндіретін Орталық Қазақстанның басты қаласы ( Қарағанды )


Осымен кезеңдер аяқталды,женген топты анықтау үшін сөз әділ қазылар алқасына беріледі, женген топ –« Жерұйыққа » жеттіңіздер, ойынды жалғастырсаңыздар бір сұрақ беріледі, жауап берсеңіздер ұпайларыңыз екі еселінеді.

Мемлекетіміздің негізгі мыс балқыту орталығы

болып есептелетін, мыстан басқа Республикамызбен ТМД елдерінің зауыттарына

қажет қорғасын шығаратын 95 мың тұрғыны бар қала статусын 1954 жылы алған

қаланың атауы. ( Жезқазған )


«Мен жырлаймын...» табиғатқа байланысты өлең құрастыру турында топтарға 4 сөз беріледі, сол сөздерді пайдалана отырып, өлең шумағын құрастыруы керек.

Берілетін сөздер: Туған жер, табиғат, сүйемін, мәңгі жаса.



Қара жәшік!

Аспан айналып жерге түскенде 60 градусқа жететін ыстықта тірі организм ғана емес, қара тастың өзі де еріп кететіндей шақта тұрады. Ғажапты қараңыз! Осындай құмды жерді жарып шыққан, шырыны тамшылаған жасыл өсімдік өсіп тұр. Мына жәшіктің ішіндегі жасырылған сол өсімдікті табыңыз? (Кактус)

Сайысты қорытындылау

Міне оқушылар біз бүгінгі сайыстың мәресіне де жеттік. Олай болса әділқазылар алқасы сайыскерлердің жинаған ұпай сандарына қорытынды жасайды

Просмотров: 600


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст