Текст
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне байланысты шынайы құттықтауымызды қабыл алыңыздар.
Әйел әрқашан халықтың ар-ожданы, ізгіліктің, нәзіктіктің және және дархан көңілдің көрінісі болып келді және болып қалмақ, бүгінгі мереке оларға деген шынайы құрмет белгісі.
Құрметті арулар!
Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз.
Бүгінгі мерекелеріңізбен тағы да бір мәрте құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс-құт тілейміз. Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын!