🎼ДОМБЫРА ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ ҚАТЫСТЫ
🔊Еліміздің жеті мың білім беру ұйымында бір мезгілде «Балбырауын», «Адай» және «Сарыарқа» күйлері орындалды.
🎤Министрдің айтуынша, музыка, әсіресе домбыраның әуезді үні барлық ұлттарды жалпыадами құндылықтар - толеранттылық, төзімділік, бірлікке үндеп, бір арнаға тоғыстырады. Және өскелең ұрпақтың өз тарихы мен өнерін үйренуге деген ұмтылысы мен қызығушылығын оятады.
/public/files/2023/3/27/270323_214135_whatsapp-video-2023-03-27-at-213103.mp4
💬«Домбыра — мәдениетіміздің негізгі символдарының бірі, ұлттық құндылығымыз. Біздің оқушыларымыз, балабақшаның кішкентай тәрбиеленушілері, колледж студенттері ұлттық аспапта ойнауға белсенділік танытқаны қуантады. Бүгін домбыраның шанағынан төгілген үн еліміздің әр өңірінде әуеледі. Оқушылар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұраны сақтап, одан әрі жалғастырады деп сенемін»,— деді Ғани Бейсембаев.
🔜Челлендж соңында Оқу-ағарту министрі елордадағы Д. Қонаев атындағы № 66 мектеп-лицейінің оқушыларымен бірге күй орындады. «Наурыз мейрамы» мерекелік эстафетасына миллионға жуық қазақстандық оқушы қатысты. Ең кішкентайы-Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы «Ақбота» балабақшасының тәрбиеленушілері.
❕Естеріңізге салсақ, биыл «Наурыз мейрамы» еліміздің барлық мектептерінде 10-17 наурыз аралығында өтеді. Бұл күндері жалпы республикалық «Таза табиғат» акциясы, «Жасыл үй» челленджі, «Қайырымды ұлт», «Қолөнершілер жәрмеңкесі» қайырымдылық шарасы, ұлттық тағамдар фестивалі мен ұлттық ойындар мерекесі болады.
▫️«Наурыз – ұлыстың ұлы күні» суреттер байқауы, «Отбасы – бақыт мекені» атты отбасылық жарыс тағы ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерде #Наурызмейрамы #Наурызкүйі хэштегімен флешмоб, челлендждер жүргізіледі.