8-Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі
1965 жылдан бастап, Кеңес Одағының келісімімен мемлекеттік мереке ретінде қабылданып, күнтізбеде қызылмен белгіленген, 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі бүгінгі күнге дейін дәстүрлі мереке ретінде тойланып келеді. Бұл мерекеде барлық жан баласы ақ жаулықты аналарымыз бен қызғалдақтай қыздарымызды ерекше бір құрметпен құттықтап, жүректен шыққан жылы лебіздерін білдіреді. Бүгінгі күнде осы меркеге орай «Сілеті ОМ» КММ-де 5-9 сыныптары арасында «Көрікті көктем аруы» атты қыз сыны байқауы өткізіліп, 9 «А»
сынып оқушысы Бахытжан Үміт 1-орын иегері атанды. Мектепке дейінгі топтар жәнебастауыш сыныптары арасында ата-аналардың қатысуымен;
2 «А» сыныбында «Аналар - асыл қазынам», 3 «А» сыныбында «Анашым», 4 «А» сыныбында «Ана – өмірдің шуағы» атты мерекелік іс-шаралар өткізілді.
Көктем келіп жан шуағын шашқандай,
Теңеуі мен теңдесі жоқ ешқандай.
Жайма шуақ жадыраған әлемде,
Арулардың бар сырларын ашқандай.
Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі, мерекелердің еркесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке көктемдей көтеріңкі көңіл күй, денсаулық, жандарыңызға жылылық, жүректеріңізге ұлылық әкелсін құрметті де қымбатты аналар мен арулар!