"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Сілеті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Селетинское отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі

08.02.2017

                            

Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі.

 Бастауыш ынып ата-аналарымен өткізілген жиналыс

Рухани-өнегелік тәрбие негізі  отбасынан туындап, отбасынан әрі қарай дамиды.  Осы орайда «ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген халық даналығының бекер айтылмағаны анық.

Абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, ... », –  дейді.

Компьютердің өмірге енуі адамдардың бір-бірімен тілдесу қарым-қатынасын кәдімгідей алмастырды. Көпшілік ақпарат құралдары зорлық-зомбылық идеясын, психологиялық террорды, мінез-құлықтың жүгенсіздігін көрсетіп жатыр. Мұның барлығы тұлғаны оның отбасында қалыптасып келе жатқан игі жақсы қасиеттерін әлбетте  бұзады. Қоғам мектеп алдына қандай міндеттер қоймасын, ата-ананың көмегінсіз тәрбиелеу мен оқыту үрдісі қажетті нәтижелер бермейді.

Көптеген ата-аналардың проблемасы өздерінің бойында жоқ қасиеттерді баласының бойында тәрбиелеуге ұмтылысында болып табылады. Темекі тартатын, ішімдікке құмар немесе

жаман сөздермен балағаттайтын ата-аналар өз баласына сен олай жасамауға тиіссің деп сенімді түрде айта алмасы анық. Бұл жерде ата-ана рухани және өнеге жағынан мүлтіксіз болсын деп кесіп айтуға болмайды, бірақ,олар өздерін үнемі дұрыс ұстап, үнемі өздірімен жұмыс жасауы керек.

Ата-ананың ең негізгі міндеті бала ата-анасының өзін жақсы көретіндігі, оны аялап қамқорлық көрсететіндігіне сенімі мықты болуы керек. Ешқашанда, қандай жағдай болмасын балада ата-ананың өзіне деген сүйіспеншілігіне күдік тумауы тиіс.

Бала тәрбиесінде отбасының ынтымағы, бір-біріне деген сүйіспеншілігі, бала еркіндігіне көңіл бөлу және оның абыройына құрметпен қарау сияқты отбасы құндылықтарының маңызы зор.

 

 

 

 

 

Сілеті орат мектебі, педагог- психолог: Хонай Кульшаран

Просмотров: 456

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст